Петропавлда туған екі баласын зорлап келген педофил әкеге қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Петропавл қалалық сотында үш жыл бойы өз балаларын зорлап келген ауыл тұрғынына қатысты атышулы іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Петропавл қалалық сотында үкімі жарияланған қылмыстық іс материалдарында айтылғандай, ер адам 2020 жылдан бастап кәмелетке толмаған ұлы мен жас қызына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасаған, деп хабарлайды Петропавл.news.

"ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 3-2-бөлігі, 3-тармағы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мас күйінде қылмыс жасау ауырлататын жағдай деп танылды. Сот жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ", деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі.

Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам тағылған айыптармен келіспейді. Жарыссөз барысында ол соттан өзін ақтауды сұрады.

Айта кетсек, бір ай бұрын Шымкентте Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бес жасар қызды зорлап, одан кейін оны өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты жүргізілген сот процесі аяқталды.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін