Жоғары сот кеңесі судья Шетеновпен байланысты жағдайға түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бес жасар қызды өлтірген қаскөйге "жеңіл" жаза кескен Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрғазы Шетенов 2023 жылы 6 қазанда қызметінен босатылды. Бұл туралы Жоғары сот кеңесі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғары сот кеңесі Нұрғазы Шетеновтың берген өтінішіне сәйкес, 2023 жылы 6 қазанда Сарыағаш аудандық сотының судьясы болып қалдырыла отырып, төраға қызметінен босатылғанын нақтылайды.

"Қылмыстық істі қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін Н.Б. Шетеновті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тәртіптік іс Сот жюриінің қарауында. Тәртіптік іс бойынша шешім Сот жюриі отырысының қорытындылары бойынша қабылданатын болады", делінген хабарламада.

Бұған дейін судья Нұрғазы Шетенов 2023 жылдың мамырында бес жасар қызды өлтірді және зорлады деп айыпталған қаскөйге үш жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Facebook-тегі мәлімдемесінде ол судьяларды немесе адамның өліміне тікелей қатысы жоқ басқа лауазымды адамдарды жазалау жалпы жағдайды жақсармайтынын баса атап өткен болатын. 

Нұрғазы Шетенов бастан кешкен күйзелісі мен моральдық-психологиялық қысымға қарамастан, судья мансабын жалғастыруға және заң алдында қызмет етуге дайын екенін, сондай-ақ мәселені объективті, бейтарап қарастырылатындығына және ҚР Жоғары сот кеңесінің әділ шешіміне үміттенетінін айтады. Расында ол бүгінгі таңда өзі төраға болған Сарыағаш аудандық сотында қатардағы судья қызметін атқаруда.

Түркістан
ҚР Жоғарғы соты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін