Қызылорда облысында 8 адам сот құзырымен ата-ана құқығынан айырылды

Сурет: freepik
Қызылорда облысында балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 8 адам сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 адамның ата-аналық құқығы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу бойынша  6 251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды, 53 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Әрбір рейдтер бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 112 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 6 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 8 адам сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 адамның ата-аналық құқығы шектелді. 5 кәмелетке толмаған облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына және 2 жасөспірім "Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына" орналастырылды". Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Әрбір рейдтер бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты