Екібастұзда балалар жарысында шалбарын жартылай шешкен ер адам көпті шошытты

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде шалбарын жартылай шешіп, топ адамның ішінде тұрған ер адамның видеосы тарады. Видео сипаттамасында бұл оғаш оқиға Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы "Жасыбай" спорт кешенінде балалар арасында өткен жарыс кезінде болғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл видео желі қолданушыларының ашуын туғызды. Көп мұндай адамның балалар жарысы өтетін жерде неғып жүргеніне таң. Аталған фактіні "Жасыбай" спорт кешенінің әкімшілігі, сондай-ақ Екібастұз қаласының ПБ растады. 

"14-15 қазанда "Жасыбай" спорт кешенінің Дзю до залында Джиу Джитсудан жарыс өтті. Оның барысында аталған оғаш оқиға орын алды. Спорт кешеніне кірер кезінде бұл ер адам өзін сыпайы ұстап, мәдениетті сөйлесті, одан қандай да бір психикалық бұзылыстар байқалған жоқ. Сондықтан ол кісіні залға кіргізбеудің себебі болмады. Жарыста көрермендер де болады. Ол көрермен ретінде қатысқан. Оғаш қылығы назарға ілінгенде ол адам ғимараттан шығарылды". "Жасыбай" спорт кешенінің әкімшілігі

Өз кезегінде ер адам өзін журналистпін деп таныстырып, балалардан сұқбат алуға ұмтылып, олармен сөйлесуге тырысқан.

"Аталған факт Екібастұз қаласы ПБ-да тіркелді. Полицейлер ер адамның кім екенін нақытады. Ол сот үкімімен психикалық бұзылыстағы адам деп танылған әрі медициналық мекемеде есепте тұрады. Аталған жағдай туралы Екібастұз қаласының әкімдігі құлағдар етілді. Өз кезегінде олар ер адамның қамқоршысымен түсініктеме жұмыстарын жүргізуі тиіс", делінген полиция хабарламасында. 


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды