Шымкентте мектеп алдындағы турникке 20 жасар жігіт асылып қалды

Сурет: unsplash
Шымкенттегі мектептердің бірінің спорт алаңында 20 жастағы жігіт асылып қалды. Қайғылы оқиға 17 қазанда сағат 2:20-да орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының Тұран ауданының полициясына жедел медициналық жәрдем қызметкерлері қоңырау шалды. Олар Қазиев көшесіндегі қалалық мектептердің бірінің спорт алаңында жас жігіттің денесі табылғанын хабарлады, деп жазады otyrar.kz.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Одан дене жарақаты анықталған жоқ, сондықтан мұны кісі өлтіру фактісі деп санауға әлі негіз жоқ. Полиция оқиға орнына жеткеннен кейін 15 минуттан соң марқұмның достары келіп, оның денесін құшақтап ұзақ жылады", делінген басылымның хабарламасында.

Кейбір мәліметтер бойынша, марқұм осы мектептің түлегі болған (ақпарат нақтылану үстінде).

Белгілі болғандай, марқұм небәрі 20 жаста. Басылымның хабарлауынша, полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтап, отбасымен сөйлесіп, ықтимал куәгерлерді анықтауда. 

Тексерулер жүргізілетін болады, соның ішінде мәйітке және басқаға да қатысты сараптамалар жасалады. Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап, жиналған материалдарды тергеушілерге беру үшін дайындауда.

Zakon.kz тілшісіне қалалық полиция департаменті аталған фактіге сәйкес қандай бап бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын нақтылады.

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша Тұран аудандық ПБ-да тергелуде. Сараптамалар тағайындалды". Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі