Қазақстанда қасақана кісі өлтіру фактілері төмендеген

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
ҚР Бас покурорының бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың төрағалығымен ІІМ басшылары, облыстардың прокурорлары және полиция департаменттері бастықтарының қатысуымен адам өлтіруді тергеу және ашу сұрақтары бойынша ведомствоаралық жедел кеңесі өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимур Тәшімбаев қасақана адам өлтіру қылмысы төмендеуінің оң үрдісі байқалғанын атап өтті.

"2023 жылдың тоғыз айында адам өлтіру фактілері 27,3% төмендеген (578-ден 420-ға дейін), ал осындай қылмыстардың ашылуы 94%-ға жоғарлаған. Десе де қасақана адам өлтірудің себептері бірқатар мәселелерге, оның ішінде профилактиканың әлсіздігіне тікелей байланысты. Адам өлтіруді тергеп-тексерудің сапасы және қылмыскерлер үшін сөзсіз жазаның болуы да маңызды мәселелер болып табылады". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Жедел кеңестің шешімімен полиция органдарының басшылары мен облыс прокурорларына аталған бағытта, оның ішінде "өткен жылдары" адам өлтіру қылмыстарын ашу, жасырынған қылмыскерлерді, жоғалған азаматтар мен басқаларды іздестіру жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.

ІІМ өкілдерімен іс-шарада полиция органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің қылмыстарды ашудың жаңа мүмкіндіктері, оның ішінде заттай дәлелдемелерді зерттеу бойынша инновациялық әдістер мен жабдықтары туралы айтылды.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарының ДНҚ деректер базасы бар молекулалық-генетикалық зертхана Орталық Азияда алғашқылардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

Ведомствоаралық жедел кеңестің нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі