Кафе және мейрамхана иелері өз мекемесінде музыка қойғаны үшін ақы төлеуі керек пе

Сурет: pixabay
Кафе, мейрамхана және басқа да осыған ұқсас мекемелердің иелері музыка қойғаны үшін ақы төлеуі керек пе? Бұл сұраққа ҚР Әділет министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әділет министрлігі кафе, мейрамхана және т.б. мекемелерде шығармалар жария орындалатынын нақтылады.

Бұл ретте "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңда туындыны жария орындау автордың немесе авторлық құқық иеленушінің айрықша құқықтарының бір түрі болып саналатыны жазылған.

"Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi", – дейді Әділет министрінің мамандары.

Авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды заңды пайдалану үшін кафелер, мейрамханалар және басқа да мекемелер авторлық келісім түрінде автордың немесе авторлық құқық иесінің тиісті рұқсатын алуы керек.

Осылайша, кафе, мейрамхана иелері және т.б. өз мекемелерінде музыкалық шығармаларды қойғаны үшін сыйақы төлеуге міндетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады