Талдықорғанда құрылыс салу кезінде ақша жымқырған шенеуніктер мен мердігер сотталды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 23 қазанда Талдықорған қаласының сотында "Береке" коттедж қалашығының сапасыз құрылысы барысында бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған дейін Жетісу облысының прокурорлары аталған нысанды салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру жүргізген.

Прокурорлық тексеруді бастауға бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет құрлысы аяқталмаған үйлер туралы жарияланымдар себеп болды.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде мердігер келтірілген залалды өтеді, оның ішінде 36 үйді өз қаражатынан салды.

2023 жылдың 30 қыркүйекте жергілікті атқарушы орган 25 үйдің кілтін көп балалы отбасыларға берді.

Жақын арада тағы 11 үй беру жоспарлануда.

Сот үкімімен мердігер ұйымның басшысы, құрылысты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияның  жұмыскерлері және тапсырыс беруші - "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" ММ-нің лауазымды тұлғалары ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 361-баптың 4-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, жазаның әртүріне  сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды