Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз даяшы болып жұмыс істеп жүрген

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім даяшы болып жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Ол қызының сағат 13:00 шамасында үйінен шығып, хабарсыз кеткенін айтады.


"Бойжеткеннің ата-анасы өз бетінше екі күн бойы іздеген, алайда еш нәтиже шықпаған. Содан соң полиция қызметкерлеріне арызданып, көмек сұраған. Полиция қызметкерлері бірден бойжеткен қызды іздеуге бағытталған шаралардың барлығын атқарды. Таныстарының, туыстарының үйлерін жіті бақылап, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 1 тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, 400 км қашықтықта орналасқан Жетісай қаласында даяшы болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылды", делінген полиция хабарламасында.

Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған әкесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. 

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады

Тоқаев Пашинянның қызметіне табыс тіледі