Атырауда аса ірі мөлшерде экстракциялық апиын есірткісін сақтаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Авангард ықшам ауданында орналасқан көпқабатты пәтерлердің бірінде есірткі заттарын сақтаумен айналысады деген күдікпен 60 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті азаматты тінту кезінде сырт киімінің қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар 12 орам тәркіленді, сондай-ақ пәтер ішінен сұйықтық ыдыста кептірілген көкнәр шөбі және жасыл түсті өсімдік тектес 29 сіріңке қорабы табылды.

Айта кетейік, күдіктінің бұрын-сонды есірткі заттарын сақтаған деген күдікпен сотталғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша алынған заттардың салмағы 4.04 грамм болатын аса ірі мөлшердегі экстракциялық апиын есірткісі екені белгілі болды.

Экстракциялық апиын – шикі апиыннан әртүрлі өңдеу және суды буландыру арқылы алынатын есірткі өнімі. Бір дозасының адам ағзасына әсері алты есе жоғары және зиян.


"Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін