Алматы облысында оқушылар информатика кабинетінде порносайттарға кірген

Сурет: freepik
Алматы облысының прокурорлары жүргізген талдауда кәмелетке толмағандардың (оқушылардың) білім беру мекемесінің қабырғасында 425 мектепте информатика кабинеттерінде тыйым салынған интернет контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы прокуратурасының 2023 жылдың 14 қарашада таратқан ақпаратына сәйкес, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарды көргені анықталған.  

"Бүгінгі күні облыстың барлық білім беру мекемелерінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға интернетке қол жеткізуді шектегіштер орнатылды". Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, прокурорлардың талап-арызы бойынша көрсетілген интернет-ресурстарды (саны-8) соттар заңсыз деп таныды, олардың таралуы бүкіл ел бойынша шектелген.

Осылайша, бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады