Банктердің бірі ақыл-есі кем азаматтың атына 280 мың теңгенің несиесін рәсімдеген

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмысы шеңберінде заем қаражатын заңсыз рәсімдеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қарашада өңір прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР Азаматтық кодексінің талаптарын бұза отыра, 2021 жылы облыс орталығының тұрғынына сомасы 279 780 теңгеге несие шарты рәсімделген, ал ол психикалық ауруы бойынша екінші топтағы мүгедек, қабілетсіз тұлға болып табылады.    

"Анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалау органымен ақыл-есі кемдік болғандықтан, әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен жасалғандықтан, сотқа несие шартын жарамсыз деп тану туралы талап қою берілді. Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды, несие шарты жарамсыз деп танылды, әрекетке қабілетсіз адамның құқықтары қалпына келтірілді". Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Алаяқтық фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.     

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын сақтау сұрағы прокуратураның ерекше бақылауында.

               

Петропавл
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: