Ақмола облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында ұзақ уақыт бойы республика аумағында бағалы металдардың заңсыз айналымын жүзеге асырды деген күдікпен трансұлттық ұйымдасқан топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Теміржан Рамазанов хабарлады.

Оның айтуынша, қылмыстық топ Ақмола облысында орналасқан шахтадан құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіруді ұйымдастырған. Қолдан жасалған шикізат зергерлік бұйымдарды жасау үшін астыртын шеберханаларға жіберіліп, одан әрі әйгілі зергерлік үйлердің брендтерімен сатылған. Бұйымдар әуе және теміржол көлігі арқылы тасымалданған.

Сондай-ақ қылмыстық топта әрқайсысы өз рөлін білуімен ерекшеленеді: шахта құрылтайшылары, шикізат өндіруді ұйымдастырушылар, аффинажшылар, зергерлік шеберлер, сатуға және брендтеуге жауапты адамдар.

Жүргізілген тінту іс-шаралары барысында кен өңдеуге арналған жабдықтар, алтын құймалар, 15 келіден астам зергерлік бұйым, биркалар мен сертификаттар, 19 тонна кен, 1,5 келі сынап, 20 келіден астам жарылғыш зат тәркіленді. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 295-1 және 264-баптары бойынша жүргізіліп жатыр.

17 адам күдікті деп танылып, оның 10-ы қамауға алынды, өзге адамдардың осы қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды