Шымкентте ашынған қыздың 11-қабаттан секірмек болған сәті видеоға түсіп қалды

Сурет: видеодан алынды
Шымкентте полицейлер 11-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, бейтаныс қыздың 11-қабаттағы балконнан секіргелі тұрғаны туралы хабарлама 24 қарашада кешке "102" пультіне келіп түскен. Патрульдік полиция жасағы дереу оқиға орнына аттанды. 

"Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары ғимараттың жоғарғы қабатында қоршаудың жақтауына шығып алған қызды анықтады. Олар қыздың назарын басқа жаққа аудару мақсатында онымен сөйлесе бастады. Ұрымтал сәтте инспектор Нұржан Айдаров оны ұстап алып, қауіпсіз жерге алып шықты", - деп хабарлады ІІМ.


Қыздың басындағы жеке мәселелеріне байланысты осындай қадамға барғаны белгілі болды. Олар қызбен профилактикалық әңгіме жүргізді, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Алматыда ер адам "Премьера" тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, мерт болды. Полиция бұл фактіні суицид бабымен тіркеуге алды. 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды