Шетелдіктен көп ақы талап еткен астаналық такси жүргізушісі айыппұл арқалады

Сурет: polisia.kz
Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қарашада 102 арнасына "Дипломат" қонақ үйінің әкімшісіне Үндістан азаматынан Астана әуежайынан өзін қонақүйге жеткізгені үшін такси жүргізушісі 45 000 теңге алғанын жеткізіп шағымданған. 

"Іздеу іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген. Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді", делінген полиция хабарламасында.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу), 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғаны да нақтыланады.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады