СҚО-дағы сепаратизм ісі: "Жұмысшылардың халық кеңесі" мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Петропавлда сепаратизм туралы қылмыстық іс бойынша айып тағылған "Жұмысшылардың халық кеңесі" деп аталатын ұйым мүшелеріне қатысты сот отырысы өтті. Сотқа тартылған 19 адамның төртеуі бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қарашада "Неделя СК" газеті Петропавлда "Жұмысшылардың халық кеңесі" тобының мүшелеріне қатысты сепаратизм бойынша резонанстық іске қатысты сот үкімі шыққанын хабарлады. 

Сот алдында сепаратистік топтың ең белсенді төрт мүшесі – 48 жастағы автослесарь Вячеслав Зудерман және үш белсенді жауап берді. "Кеңестің" қалған мүшелері аталған іс бойынша куәгер ретінде өтті.

Сотталушылар ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі және 180-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Вячеслав Зудерман тоғыз жылға сотталды. Өз-өзін жұмыспен қамтушы Елена Болдырева, мұғалім Мадина Капарова және биологиялық қоспалар саудагері Ольга Бережнова жеті жылдан "арқалады".   Барлық сотталғандар орташа қауіпсіздік мекемелерінде мерзімдерін өтейтін болады. Зудерманға оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деп айып тағылды, өйткені тінту кезінде оның пәтерінен тапанша патроны табылған. 

Сотталушылардың өздері кінәсін мойындамады және "халық кеңесін" тек азаматтарға құқықтық көмек және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық үшін құрғандарын айтты. 

Петропавлдың 19 тұрғыны 2023 жылдың наурыз айында "Жұмысшылардың халық кеңесі" құрылғанын жариялады. Олар "Қазақстан Республикасы корпорациясының агенттері мен қызметшілеріне" бағынбау, Қазақстанның мемлекет ретіндегі жалғандығы және Қазақ КСР-нің өмір сүруін жалғастырып жатқандығы туралы жариялады. Осыдан кейін көп ұзамай топ мүшелері ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін