Желідегі видео: Алматыда пәтер есігі тұтқаларын тартып көріп жүрген ер адамның жеке басы анықталды
Сурет: pixabay
Алматыда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің есігін тартып көріп жүрген күдікті әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Полиция аталған адамның ұсталғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Алмалы аудандық полиция басқармасының мамандарымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған ер адамды ұстады. Ол бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті негізінен Алматы мен Астана қалаларында әрекет еткен.
"Құлыпталмаған есіктерді пайдаланып, бөтеннің үйіне кіріп, бағалы заттарын алып кеткен. Алматыда оның пәтер ұрлығының алты дерегіне қатысы бары дәлелденген. Бір жағдайда пәтердің кіреберісінен ішінде 20 мың теңге болған сөмке жоғалса, тағы бір оқиғада келтірілген шығын 40 мың теңгені құраған. Тергеу жалғасып жатыр. Оның өзге де құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы анықталуда". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Полиция тұрғындарды сақ болуға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript