БАҚ-тағы материалдарға 3 жыл ескіру мерзімі енгізіледі

Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаттары "Масс-медиа туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады.

Негізгі заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Құжатта журналистердің мәртебесін көтеру, құқығын нығайту, сонымен қатар олардың міндеттерін кеңейту бойынша жағдай жасау қарастырылған. Ол үшін БАҚ материалдарына үш жылдық ескіру мерзімін белгілеу және мемлекеттік органдардың БАҚ-тың жазбаша өтініштерін қарауын 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту ұсынылады.

Сонымен қатар жыл сайын журналистердің құқығы мен бостандықтарының сақталуына талдау, олардың жағдайын бағалау және тиісті ұсынымдары бар Ұлттық баяндама дайындалады.

2025 жылдан бастап мемлекеттік емес БАҚ республикалық деңгейде гранттық қаржыландыруға көшеді. Отандық телерадио хабарларын таратуды дамыту мақсатымен спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігі субсидияланады.

Сонымен қатар журналистерді аккредиттеудің бірыңғай жүйесін енгізу мәселесі қарастырылады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады