Есірткі сатумен айналысады деген күдікпен шымкенттік әйел ұсталды

Сурет: polisia.kz
Өзімен бірге заңмен тыйым салынған затты алып жүрген әйелді полицейлер Сарыағаш қаласынан ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру кезінде оның сыртқы киімінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді есірткіге ұқсас заты бар 18 дана орама табылды. Тұрғынның үйін тінту кезінде синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар тағы екі орама, электронды таразы мен басқа да айғақты заттар тәркіленді.


"Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған зат салмағы 20 грамнан асатын мефедрон болып шықты", делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін