Мектепте балтамен сойқан салған оқушы: Петропавлда жасөспірім 6,9 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған Д-ны үш кәмелеттік жасқа толмағандарды өлтіруге оқталғаны үшін қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО-да "балтасы бар мектеп оқушысына" алқа билер соты айыптау кесімін шығарды.

"2023 жылы 13 ақпанда сағат 07:50-де кәмелеттік жасқа толмаған 9-сынып окушысы Д. мектепте бетін бетпердемен тұмшалап, өлтіру мақсатымен, бұзақылық ниетпен әрекет етіп, асханалық балтаны қолдана отырып, кәмелеттік жасқа толмағандар Г., Б., және А-ға өмірлік маңызы бар соққылар жасады. Өзге оқушылар Д-ны жабылып, тоқтатты. Сондықтан оның адам өлтіруге бағытталған ниеті соңына дейін жеткізілген жоқ. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің және іс материалдарымен анықталды", делінген сот хабарламасында.

Прокурор ҚР ҚК-нің 81-бабының 7-бөлігі, 56-бабының 3-бөлігі, 55-бабының 2-бөлігінің талаптарын ескеріп Д-ға кәмелеттік жасқа толмағандар үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеуді, 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.

"Сот Д-ға ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 2-бөлігінің 1,9,14-тармақтары бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу, 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Сотталған Д-дан жәбірленушілердің пайдасына моралдық шығынын өтемақысы өндірілді", делінген сот хабарламасында. 

Айта кетсек, қанды оқиға 2023 жылы ақпан айында болған. Мектепке қаруланып, бетперде тағып барған оқушы 3 баланы жарақаттаған. Екеуі жансақтау бөлімінде жатып шықты. Сот материалдарына сүйенсек, баланың мұндай әрекетке баруына сыныптастарына деген өшпенділігі себеп болған. Ол шетелдік кино көріп, басты кейіпкердің әрекетін қайталағысы келген.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі