Жоғары Сот Кеңесінде сот жүйесінің кадр саясатындағы заңнамалық жаңалықтардың іске асырылуы туралы айтылды

2023 жылы мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды.

Бұған қоса "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойылды.

Соңғы жылдары Кеңестің осы бағытта іске асырып жатқан іс-шараларының жалғасы саналатын бұл заңнамалық инновациялар судьялардың тәуелсіздік институтын күшейту, сот жүйесіне кәсіби кадрларды тарту, барлық кадрлық функцияларды Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру мәселелерін қозғады.

Судьялардың тәуелсіздігін күшейту мақсатында Жоғарғы Сот судьялары мен аудандық сот төрағаларын сайлау элементтері енгізіледі. Осылайша, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидатураларды енді Жоғары сот кеңесі мемлекет басшысына Сенатқа балама негізде енгізу үшін ұсынады. Осылайша, Сенатқа кем дегенде екі кандидаттың ішінен ең лайықтысын таңдау мүмкіндігі берілді, бұл Жоғарғы Сот судьяларын іріктеудің объективтілігін арттырады. Қазіргі уақытта бұл жаңалық қолданысқа енгізілді.

Осы жылдың 13 маусымында Кеңес отырысында Жоғарғы Сот судьяларының 4 бос лауазымына 9 кандидат ұсынылды. Жоғары Сот кеңесінің ұсынымдарын алған үміткерлер республиканың облыстық соттарының тәжірибелі іскер судьялары болып табылады, олардың бірі алқа төрағасы, 5 кадр резервінде болды. Іріктелген конкурсқа қатысушылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының және кандидаттардың жұмыс орны бойынша облыстық соттардың жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің оң қорытындыларын алды.

Сонымен қатар аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына сайлау тетігі енгізілді. Бұл тетік аудандық соттың төрағасы лауазымына кандидаттарды кадр резервінде тұрған адамдар қатарынан да, өз кандидатурасын дербес ұсынған адамдар қатарынан да қарауды көздейді. Мұндай тәсілмен Кеңес судьялық лауазымдарға кадр резервінің әлеуетін барынша пайдаланатын болады. Бұған дейін аудандық соттың төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылған болатын. Аудандық соттардың төрағалары лауазымына кандидаттарды сайлаудың жаңа тетігін іс жүзінде іске асыру 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады.

Судьялардың тәуелсіздігін арттыру аясындағы келесі жаңалық судьяларға қысым тетіктерін қысқартуды көздейтін түзету болып саналады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және ел судьяларының тәуелсіздігін нығайту мақсатында күш органдары өкілдері тарапынан қатардағы судьяларға қысымды төмендету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданды. Осы мақсатта бас прокурордың санкциясымен барлық судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы норма бекітілді. Өзгерістер енгізілгенге дейін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге облыс прокурорының санкциясымен жол берілді.

Сонымен қатар заңдарда судьяларды қызметтен босату мәселелерін ашық және дауыстап қарауға бағытталған құқықтық негіз құрылды. Осылайша, судьялар корпусының беделінің үздіксіздігі қағидаты іске асырылмақ.

Сот жүйесіне кәсіби кадрларды тарту мақсатында кандидаттардың Кеңестің ұсынымын алғанға дейін емес, алғаннан кейін тағылымдамадан өту құқығы инновациялармен бекітілді.

Бұдан басқа, Кеңестің ұсынымын алғанға дейін тағылымдамадан өтіп жатқан адамдар үшін де, осындай ұсынымды алғаннан кейін тағылымдамадан өтіп жатқан адамдар үшін де қолда бар заңды өтілін ескере отырып, тағылымдамадан өту мерзімі қысқартылды. Енді тағылымдама мерзімі жалпы тәртіпте 3 айдан 9 айға дейін, ал Кеңестің ұсынымын алған адамдар үшін 2 айдан 6 айға дейін болады.

Осы жаңалыққа сәйкес 2023 жылғы 18 шілдедегі конкурс шеңберінде тағылымдамадан өтпеген не оның қорытындысы бойынша қорытынды алмаған 60 кандидат конкурстық іріктеуге жіберілді.

Тағы бір жаңалық судьялыққа кандидаттар үшін соттың жалпы отырысының қорытындысын алу қажеттілігін алып тастау болып саналады, мұндай талап тек қолданыстағы және бұрынғы судьялар үшін ғана сақталады, бұл ретте қорытындыны жұмыс орны бойынша облыстық соттан ғана алу қажет. Осыған байланысты жоғарыда аталған конкурс шеңберінде кандидаттар облыстық соттардың жалпы отырыстарынан өтпей іріктеуге жіберілді.

Кадрлық функцияларды беруді көздейтін инновациялар сот корпусын кадрлармен қамтамасыз ететін орган ретінде Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен мәртебесін күшейтуге және Жоғарғы соттың өзіне тән емес функциялардан босатылуына бағытталған. Осы заңнамалық шаралар соңғы жылдары осы бағытта іске асырылып жатқан іс-шаралардың жалғасы болып табылады.

Осылайша, қабылданған түзетулермен Жоғары Сот Кеңесіне судьялыққа кандидаттарды даярлау, олардың біліктілігін арттыру, шекті жасты ұзарту, қолданыстағы судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру және тоқтату мәселелері берілді.

Егер бұрын Кеңес Жоғарғы Соттың ұсынуы бойынша жоғарыда аталған мәселелерді қараған болса, енді қабылданған түзетулерге сәйкес судьялар өтінішпен тікелей Кеңеске жүгінуге құқылы.

3. Бұдан басқа, Жоғары Сот Сеңесі төрағасының құзыретіне қолданыстағы судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру мәселелері берілді.

Жоғарыда аталған рәсімдер судьялардың тәуелсіздігінің кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.

Мәселен, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілген сәттен бастап Кеңес зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін судья лауазымында одан әрі болу туралы 16 судьяның, сондай-ақ шекті жасқа толғаннан кейін судья лауазымында одан әрі болу туралы 2 судьяның өтініштерін қарады. Оларды қарау нәтижелері бойынша 2 судьяға өкілеттігі шекті жасқа толғанға дейін ұзартылды және 16-дан бас тартылды.

21 судьяның өкілеттігі тоқтатылды, оның ішінде 1 судьяның өкілеттігі қалпына келтірілді.

Конкурстан тыс жергілікті соттардың 59 судьясы тағайындалды, оның 57-сі  соттардың штат санының азаюына байланысты, 2-і-аудандық Сот Төрағасы лауазымындағы өкілеттік мерзімдерінің өтуіне байланысты. Сонымен қатар, аудандық соттардың 3 төрағасы сол соттардың судьялары қалдыра отырып, қызметтен босатылды (2-нің өкілеттігі аяқталды, 1-нің өз қалауы бойынша).

Сонымен қатар, Кеңес регламентінің деңгейіне ауыстырылған шамадан тыс егжей-тегжейлі нормалар алынып тасталды. Мұндай нормаларға Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясын қалыптастыру тәртібі, комиссия отырыстарын өткізу тәртібі, конкурсты өткізу кестесін, сондай-ақ оған енгізілетін мәліметтерді бекіту тәртібі жатады.

Жалпы, Кеңестің рөлін және судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға бағытталған барлық қабылданған шаралар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әзірленді.


Жоғары сот кеңесінің аппараты

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: