Оралда тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
Орал қаласында тергеу изоляторына тоғытылған ер адам көз жұмды. Марқұмның жасы 63-те, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша айыпталып, тергеу изоляторына қамалған, деп жазады "Мой город" порталы БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Өлімнің алдын-ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы", деп нақтылайды ведомство баспасөз қызметі.

2022 жылдың тамызында Оралдағы тергеу изоляторы қызметкерлері азаптау, ұрып-соғу күдігіне ілінген болатын. Оларға ҚР ҚК-нің 146-бабы, "Азаптау" бойынша айып тағылған еді.  

Айта кетсек 2023 жылы 1 желтоқсанда Шымкентте тергеу изоляторында қамауда болған 29 жастағы күдікті қайтыс болды. Ер адам ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұдан кейін марқұм жігіттің анасы желіде видео жариялады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты