Көкшетауда көлік рөліндегі жүргізушінің тырыспасы ұстап қалған

Сурет: pixabay
Оқиға орнына жеткен Ақмола облысы ПД-ның екі қызметкері тұрақта тұрған көлік ішінде жүргізушінің газ педалын басып отырғанын, бірақ темір тұлпар орнынан қозғалмайтынын көрген. Ер адам қиын жағдайға тап болғанын анықтаған олар, оған алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 7 желтоқсанда Көкшетау қаласында болған.

Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне "Мечта" сауда үйінің аумағында автокөліктің ішінде жүргізуші "газ" педалын қатты басып отырғаны туралы ақпарат келіп түсті. Көкшетау қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Александр Ефимов пен Темірлан Қалыш құрамындағы "Әскер-5" автопатрульі дереу оқиға орнына аттанды.

Инспекторлар көлікке жақындап, 34 жастағы жүргізушінің тырыспасы ұстағанын, оған медициналық көмек керек екенін анықтады.

"Олар жәрдем жәрдем көлігін бірден шақырды. Автокөліктің есіктері жабық болған себепті полиция қызметкерлері қолында болған затты пайдаланып, көліктің артқы есігінің әйнегін сындырды. Жедел жәрдем дәрігерлері 34 жастағы ер адамға қажетті көмек көрсеткеннен кейін, полиция оның туыстарын анықтап, оқиға туралы хабарлады". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Тоқаев Жетісу облысының әкіміне Қытаймен шекарадағы Достық пен Қорғастағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды