Алматы қалалық прокуратурасы екі ірі инвесторға көмек көрсетті

Алматы қалалық прокуратурасы екі инвесторға түрлі әкімшілік кедергілерді шешуіне өзіндік үлес қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші жағдай Наурызбай ауданында тіркелді."Бағдар ЛТД" ЖШС (шыны зауыты, жоба сомасы 2,4 млрд теңге) инвесторына құқықтық көмек көрсетілді, ол жұмысшыларын жұмыспен қамту кезінде қиындықтарға тап болған.

"Уәкілетті орган кәсіпкер тарапынан ұсынылған құжаттардың толық еместігіне сілтеме жасап, созбалаңдыққа салып, салдарынан кәсіпкер өз қызметкерлеріне арналған рұқсатқа қол жеткізе алмаған. Шындығында, құжаттар белгіленген тізімге және заңнама талаптарына сәйкес тапсырылған", - дейді прокуратурадағылар.

Уәкілетті органның базасында инвестордың қатысуымен ұйымдастырылған кездесу және құқықтық көмек көрсету туралы нақты тапсырмалар беру нәтижесінде ЖШС қызметкерлері жұмыспен қамтылды.

Басқа жағдайда, "INDUSTRIAL PLACE" ЖШС инвесторының (жеңіл өнеркәсіп субъектілеріне арналған өнеркәсіптік парк, жоба сомасы 500 млн теңге) жасыл желектердің болмауы туралы рұқсат құжаттарын (жасыл желектердің болуы немесе болмауы туралы анықтама) алу мәселесі шешілді.

"Атап айтқанда, кәсіпкер Экология және қоршаған орта басқармасына анықтама алу үшін жолдаған хаты қанағаттандырусыз қалдырылған".

Мәселені жедел шешу үшін басқарма басшылығы мен "Industrial Place" ЖШС директорының қатысуымен прокуратураның фронт-офис алаңында кеңес өткізілді.

"Прокурордың нұсқауларының нәтижесінде, анықтама беріліп, рұқсат мақұлданды".

Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауда.

Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда проблемаларыңыз болса, прокуратура қызметкерімен байланысып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығы (байланыс нөмірі +77017755500 және QR-код) немесе Алматы қаласы прокуратурасының фронт-офисіне келіп (Желтоқсан көшесі, 189) құқықтық кеңес ала аласыз.

Айта, Абай облысында прокурорлардың араласуынан кейін зауыт жұмысшылары 9 ай ала аламаған жалақысына қол жеткізді.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: