Семейде зауыт жұмысшылары 9 ай көрмеген жалақыларына қол жеткізді

Жалақы, Семей, зауыт жұмысшылары, облыстық прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2023 11:11 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Абай облысының прокуратурасы Семейдегі машина жасау зауытын тексеріп, жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың мәселесін шешті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен 90 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді.

"Атап айтқанда, Еңбек Кодексінің талаптарын бұза отырып, "Семей машина жасау зауыты" АҚ-тың 125 қызметкеріне 9 ай бойы жалақы төленбеген. Прокуратура басшылығы облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, бірқатар шаралар қабылдады".  Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 Нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сол арқылы 125 қызметкердің құқығы қорғалды.

   

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: