Тоқаев Батыс Қазақстан машина жасау зауытына барды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 наурыз күні Батыс Қазақстан облысына жұмсы сапары аясында Батыс Қазақстан машина жасау зауытына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зауыт басшысы кәсіпорынның мұнай мен газ, күрделі металл конструкцияларын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарумен айналысатынын баяндады, деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Кәсіпорын жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Оның пікірінше, өндіріс орны мұнай-газ және энергетика салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарады, сондықтан бұл салаларда отандық машина жасау өнімдерінің үлесін арттыру маңызды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript