Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

Қазақстандағы Түркия елшілігі, ҚР президенті, зілзала, Түркия, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 11:38 Сурет: akorda.kz
8 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.


– Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: