Мәжілісте үйде есірткі қолданғаны үшін жауапкершілікті қайтару ұсынылды

Сурет: pixabay
11 желтоқсанда Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Снежанна Имашева үйде есірткі қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Снежанна Имашева қазір Қазақстанда есірткіні тек қоғамдық орындарда ғана пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.

"Қоғамдық орын" деген түсінік болғандықтан, есірткіні тұтынатындар "Мен үйде қолдандым, бұл заңды!" деп жауапкершіліктен сытылып кетеді. Ал 2023 жылы медициналық емес мақсатта 370 мыңға жуық факті анықталды", – деді ол.

Қазір Мәжілісте есірткі мен психотропты заттарды медициналық емес тұрғыда қолдануды әкімшілік құзыретке қайтаруды ұсынатын заң жобасы қаралып жатыр.

"Бұл жерде депутаттардың пікірі екіге жарылды. Біреулері әкімшілік жауапкершілікті енгізуді ұсынса, екіншілері сол қалпында қалдыруды ұсынып отыр. Заңнама комитеті бұрыннан бар қылмыстық жауапкершілікпен қатар әкімшілік жауапкершілікті де енгізу қажет деп санайды. Нәтижесінде, қоғамдық орындарда есірткіні медициналық емес қолдану қылмыстық заңмен, ал қалған жағдайларда – үйде, көлікте, клубта, жезөкшелер үйінде – әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұның бәрі есірткіні медициналық емес мақсатта пайдалануға сөзсіз және толық тыйым салуды қамтамасыз етеді", – деп түсіндірді Снежанна Имашева.


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты