Аталған құжат азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге, сондай-ақ оларды қылмыстық әрекеттерден қорғауға бағытталған. Заң бойынша жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салынады. Еліміздің қауіпсіздігі мақсатында көшіп келушілердің құжаттарын талап ету ұсынылады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа тетіктер енгізіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығының функциялары кеңейтіледі. Орталық мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріне өзара әрекеттесу бағдарламасымен толықтырылады. Қазір еліміз бойынша 350-ге жуық мемлекеттік ақпараттандыру нысандары жұмыс істейді. Орталық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанында жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында адамдарға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы беріледі. Жалпы заңдағы іс- шаралар кешені мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін күшейтіп, электронды үкіметтің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.