Қызылорда облысында "жұмысқа орналастырғыш" алаяқ екі адамның 2 млн теңгесін иеленген

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қызылорда облысында "жұмысқа орналастырып беремін" деп алдаған қос құрбанының әрқайсысынан алаяқ 1 млн теңге алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапа шеккендердің айтуынша, белгісіз азамат олардың сеніміне кіріп, "жұмысқа тұрғызып беремін" деп бір млн теңге көлемінде ақшаны алдап алған.

Бірақ осы күнге дейін уәдесін орындамаған азамат алған ақшасын да қайтармаған.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол 34 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі, "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қызылорда
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды