Астанада жоғалып кеткен 18 жасар жігіт Алматы маңындағы ауылдан табылды

Сурет: видеодан алынды
Астанада жоғалып кеткен 18 жастағы такси жүргізушісін елордалық полицейлер Алматы облысының Іргелі ауылындағы ойын клубынан тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Патриот" порталы жазғандай, тәртіп сақшылары барлық бейнекамераны қарап, көптеген куәгерден сұрақ-жауап алған. Жігіт алдымен Астанадан клиентті алып, Қарағандыға барғаны анықталды. Содан кейін 18 жастағы такси жүргізушісі Алматыға бет алған. Полицейлер Қарағанды мен Алматы арасында тас жол бойындағы әрбір кафеге, қонақ үйге соққан.

"Жігіт туыстарына қоңырау шалмаған, мұны маңызды деп санамаған. Ал бұл уақытта ата-анасы шарқ ұрып, тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған. Жігіт мінген Chevrolet cobalt көлігі өзінікі емес, ол таксофирмадан жалға алынған. Ол жазаланбайды. Өйткені Қылмыстық кодексте де, Әкімшілік кодексте де "жауапсыздық" пен "бәріне қол сілтегенім бар дегендерге" баптар қарастырылмаған", делінген хабарламада.
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз