Жасөспірім араздасып қалған құрдасының атынан "жарылғыш зат" туралы хабарлама таратқан

Сурет: polisia.kz
Атырау облысында жасөспірім құрдасының атынан мессенджер арқылы мектепте "жарылғыш зат" бары туралы хабарлама таратқан. Оған екеу арасындағы дүрдараздық себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментінің терроризмге қарсы орталығымен бірлесіп, Атырау облысы Жылыой ауданының мектебінде жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жолдаған аудандық мектептің бірінің 9-сынып оқушысын анықтады. 

Жасөспірім полицейлерге мессенджерде анонимді аккаунт ашып, одан дабыл сигналын жолдағанын айтты. Оқушы Telegram-чатта құрдасымен әңгімелесу барысында сөзге келіспей қалғандықтан осындай әрекетке барған көрінеді.


"Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ата-анасының үстінен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 127-бабы бойынша ата-аналардың бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік материал жинақталды", делінген облыстық ПД хабарламасында.
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда