Қазақстандықтар шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді жыл соңына дейін тіркей алады

Сурет: Zakon.kz
Үкіметтің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР аумағына әкелінетін көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерін қолдану және жеке тұлғаларды кеңейтілген міндеттемелерінен босату қағидасына өзгеріс енгізілді.

Атап айтқанда, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелген жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінен босатып, бастапқы тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшеріндегі алым мөлшерлемесін қолдануға қатысты пункт өзгертілді.

Өтініштер 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданған. Алайда сол мерзімге дейін берілген өтініштер 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қаралады.

Бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы