Астанада пробация есебінде тұрғандардың мәселесін талқылаушы жұмыс кеңесі өтті

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Астанада пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы бірлескен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының, елордалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басшылығының, аудандық прокуратура, Қоғамдық қоры "ПРАВО" төрайымымен, сонымен қатар, пробация қызметінің бастықтарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барсында:

Айта кетерлік жайт, 2023 жылдың 12 айында аумақтық пробация қызметінің есебінен барлығы 6736 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандар өтсе, 2807 сотталған қазіргі таңда есепте тұр.

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ бұл тұлғалардың қылмыс жасауының салдарын анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеуметтік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қылмыс жасау орын алады. Қайта қылмысқа жол берген, түзу жолына түспей екі не одан да көп ескерту алған сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарына жіберілетіні жеткізілді.

Мәселен, Астана қаласы аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанның сот тағайындаған міндеттерін орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылаудың тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айырумен ауыстырылатыны және жазасын өтеуі түзеу мекемесінде өтейтіндігі видео ролик арқылы тәуекел тобындағы тұрған сотталғандарға көрсетілді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді