"Арасы - алты сағат". Атырау облысындағы жол апатына қатысты қосымша мәлімет жарияланды

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау облысында 22 желтоқсанда сағат 22:00 шамасында қайғылы жол апаты орын алған. Жол апатына түрткі Toyota Avalon жүргізушісіне қатысты сол күні түсте жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылдамдықты асырғаны үшін жауапқа тартылған жүргізуші 6 сағаттан соң жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты.

22 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында республикалық маңызы бар "Астрахань-Ақтөбе" тас жолының 513-514 шақырым тұсында маркасы Toyota Avalon және Ваз 2114 автокөліктері соқтығысып, жол апаты орын алды. Салдарынан Ваз 2114 көлігінің 1988 жылғы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болғаны алдында хабарланған.

"Toyota Avalon автокөлігінің жүргізушісіне Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 22 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1-бөлігімен, яғни тас жолдағы көлік жылдамдығын асырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырған. Сондай-ақ, Toyota Avalon автокөлігінің 1999 жылғы жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК 592-бабының 1,3,4-бөлігі, 593-баптың 1,3-бөлігі, 600-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше рет ескерту алған. Алайда, көлік жүргізушісі бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан жол апатының орын алуына себепші болғаны анықталды". Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды