Атырау облысында жол апаты болып, бір ер адам көз жұмды

Жол апаты, Атырау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2023 13:29 Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
22 желтоқсанда сағат 22:00 шамасында "Астрахан – Ақтөбе" республикалық маңызы бар тас жолында қайғылы жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының мәліметінше, Toyota Avalon және ВАЗ-2114 көліктері соқтығысқан.

"Апат салдарынан 35 жастағы ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды". Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бұған дейін Алматыда жаппай жол апаты болып, 7 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: