Алматыда жолды жапқан River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда полицейлер жолды жапқан River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындарын жазаға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрт азаматқа қатысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

"Акцияның басқа тоғыз қатысушысы көлік құралдарының жүрісіне кедергі жасағаны үшін Кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің (ӘПК) төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Айта кетсек, 23 желтоқсанда Алматыда "River Park" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылуды қосу талаптарымен Мақатаев көшесін жауып тастады.


"Бұл әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жол жүрісіне кедергі келтіру, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау болып саналады. Бұл жағдайды тұрғындар тиісті органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен заң шеңберінде, сондай-ақ митинг ұйымдастыру туралы Заңның талаптарын сақтай отырып, оны алдын ала жергілікті атқарушы органға хабарлау арқылы шешуі қажет болатын. Осылайша бұл азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа азаматтарға қолайсыздық туғызды", - дейді Сұлтанбаев.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы