Енді қазақстандықтар шет елге шығуға тиым салынғанын мобильді қолданба арқылы тексере алады

Сурет: unsplash
Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мобильді қосымшасын әзірледі.

АІЖО ААЖ ел азаматтарына атқарушылық іс жүргізу саласындағы сенімді ақпаратқа ыңғайлы әрі қолжетімді. Жоба мемлекеттік органдардың жүйелерімен біріктірілген.

Пайдаланушылар үшін мынадай қызметтер қолжетімді:

  1. Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.
  2. Елден шығуға уақытша тиым салу мен шектеулерін тексеру.
  3. Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б)
  4. Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.
  5. QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу.

Мобильді қосымшаны әзірлеуге ешқандай бюджет қаражаты жұмсалған жоқ.


"Аталған мобильді қосымша азаматтардың атқарушы органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетіп, нақты және өзекті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру міндетін қойған еді. Осы тапсырманы орындау мақсатында Digital Justice жобасының портфелінің шеңберінде АІЖО ААЖ мобильді қосымшасы әзірленді және оған ешқандай бюджет қаражаты жұмсалған жоқ". Әділет министрлігі

Қолданбаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды