Әділет министрі Бишімбаев ісіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап беруден бас тартты

Әділет министрі Азамат Есқараев 26 желтоқсанда өткен брифингіде Қуандық Бишімбаевқа қатысты сараптамалардың барысы туралы түсінік беріп, соңғысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша барлығы 12 сараптама тағайындалды.

"Біз құқық қорғау органдарына 11 сараптама қорытындысын жібердік. Жақында 12-сараптама келіп түсті. Ол бойынша тиісті жұмыстар істеліп жатыр. Бірден айтайын, заңға сәйкес сараптама 30-ға дейін жүргізілуі мүмкін. Орындаған соң белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрлігіне жібереміз. Жұмыс істеліп жатыр. 30 күн ішінде аяқталуға тиіс".Азамат Есқараев

Министр Бишімбаевқа қатысты қандай сараптамалар жүргізіліп жатқанын айтудан бас тартты.

"Бұл тергеудің құпиясы. Қылмыстық процестің құпиясы".Азамат Есқараев

Әділет министрлігінің басшысы "Қуандық Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыру және оны алқабилер сотының қарауы мүмкін бе?" деген сауалға да жауап беруден бас тартты.

"Білмеймін, бұл сот билігінің еркінде".Азамат Есқараев

Сонымен қатар министрден Бишімбаевтың әкесінің Ішкі істер министрлігіне жазған журналистерге қатысты мәлімдемесіне түсініктеме беруді сұрады. Азамат Есқараев бұл сұрақты да елемеді.

Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл оқиға 2023 жылғы ең шулы және резонансты оқиғалардың біріне айналды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: