Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының 2024 жылдың 5 наурызындағы дерегіне сәйкес, тексеріс барысында қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады.
Сондай-ақ:
"Осылайша, санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды".
2024 жылы 4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, яғни "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша" сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
"Жалпы, анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты орын алған".Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі