"Қазавтожол" ауыр жүк көліктерінің иелерінен негізсіз ақы алған

Сурет: freepik
Көкшетау көлік прокуратурасы жолдардың ақылы учаскелерінде жол жүру ақысын төлеу туралы заңнаманы сақтау мәселесіне қатысты талдау нәтижелері бойынша 605 тасымалдаушы кәсіпкердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ филиалы "Астана-Петропавл" автожолының қиылысында ауыр жүк көліктерінің иелеріне жол жүру сомасын негізсіз есептеген.

"Ақылы учаске Көкшетау қаласы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының 304 шақырымынан басталады, алайда бірінші бақылау аркасы 309 шақырымда орналасқан. Пайдаланушыға ақылы автомобиль жолына кірген кезде және бақылау аркасы арқылы өту кезінде жол операторының жария шартының талаптары қолданылатынын атап өткен жөн. Мұндай жағдайларда кәсіпкерлік субъектісі үшін 5 км жол жүрудің құны 50 км-ге тең болды". ҚР Бас көлік прокуратурасы

Прокуратураның араласуымен автожолдың көрсетілген учаскесінде шамамен 3,5 млн теңге сомаға 605 бизнес субъектісіне жол жүру үшін есептелген сома жойылды, ал заңдылықты бұзуды жою мақсатында жол өлшеу жүйесінің жұмысы қайта қаралуда.

Сонымен қатар, прокуратура елді мекендердің тұрғындары үшін "абоненттік төлем" енгізу мәселесіне бастамашылық жасады, ол профильді министрлікте қолдау тауып келісу сатысында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады