Атырауда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік әйел ұсталды

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау облысының көші-қон полициясының қызметкерлері "борышкер" санаты бойынша халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

32 жастағы әйел 27 ақпанда ұсталды, деп жазды "Мой город" баслымы.

"2022 жылдың 5 желтоқсанында шетелдікке 53 603 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Одан берешек сома өндірілді. Сондай-ақ ол ел аумағында болу тәртібін бұзды. Ол қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Атырау облысы бойынша өткен жылы жүзден астам борышкерге іздеу жарияланған. Олардың ішінде полицейлер 79 адамды ұстап, арнайы есептен шығарды.

"Іздеу жарияланған борышкерлердің арасында ҚР азаматтарымен қатар шетелдіктер де бар", – деп хабарлады өңірлік ПД.

Сондай-ақ, жалған төлқұжатпен жүрген шетелдіктер Алматы әуежайында ұсталды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады