Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда Қыдырбеков көшесі, 41 үй мекенжайында салынған кезекті заңсыз нысан сүріліп жатыр. Бұл туралы Zakon.kz сайтына 2024 жылы 14 наурызда қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі нысанды рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған.

"2023 жылы 27 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқау берді. Меншік иесі нұсқауды орындамағандықтан, өткен жылдың 25 маусымында Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотына осы ғимаратты бұзу жөнінде талап-арыз берілді". Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметі

2023 жылдың 30 қазанында нысанды сүру туралы талап қанағаттандырылды.

"Сот шешімін орындау үшін бұрын меншік иесі нысанды өз бетімен бөлшектеуді бастаған болатын, бүгін (14 наурыз) сот орындаушыларының қатысуымен күрделі құрылымдар сүрілді", – дейді мамандар.


Бір күн бұрын, 2024 жылы 13 наурызда Алматыда "Мечта" тұрғын үй кешенін сүру жұмыстары басталғаны белгілі болды. Көптеген бұзушылықтармен салынған үй Обсерватория көшесінде орналасқан.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты