Өскеменде көшеде өліп жатқан жас жігіттің денесі табылды: Полиция түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
15 наурызда Өскеменде полицияға Абай даңғылында қан-қан болып жатқан жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пышақтап, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті анықталып, ізін суытпай ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталу үстінде". ШҚО ПД баспасөз қызметі

Полициядағылар желіде жас жігіттің оққа ұшқаны туралы айтылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын нақтылады.

"Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған", - деп ескертеді полиция.
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды