Сегіз адамның өмірін жалмаған Ақтөбе облысындағы жол апатына қатысты тың дерек жарияланды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқан шетелдіктердің сүйегін арнайы ұшақпен жеткізетін болды. Ұшақты Өзбекстанның қорғаныс министрлігі бөліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сегіз азаматының қазасына қатысты іске көрші мемлекеттің басшысы Шавкат Мирзиевтың өзі араласып жатыр. Ол үкіметтік комиссия құрып, мәйіттерді жеткізу және жерлеу рәмісін өткізу туралы тапсырма берген", деп хабарлайды КТК.

Айта кетсек, 3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматы тізгіндеген Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Марқұмдардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары екені нақтыланады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, салдарынан жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолдың бетіне шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ, бүгін, 4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жол апатына байланысты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты.

Өзбекстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады