Алматы облысында екі шетелдік психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана ашқан

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК-нің Алматы облысы бойынша департаменті 22 наурызда жеке үйде орналасқан психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі шетелдік ұсталды, деп хабарлайды құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі.

Тінту барысында 20 келіге жуық синтетикалық есірткі, 1 мың литр прекурсорлар мен "синтетика" жасауға арналған жабдықтар алынды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Алдын ала табылған шикізат шетелден логистикалық компаниялар арқылы жасырын түрде жеткізілгені анықталды. ҚР Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды