Атырауда полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қаша жөнелген мопедтің ізіне түсті

Сурет: Zakon.kz
Атырауда 8 сәуірде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 2007 жылғы жасөспірімді мопед жүргізушісі қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға сағат 15:12 шамасында Қаныш Сатпаев даңғылы бойындағы техникалық реттеуге жатпайтын жаяу жүргіншілер жолағында болды.

"Бейнебақылау камераларының көмегімен аталған мопед табылып, оның жүргізушісі ізіне түскен патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Бірнеше көшені басып өткен соң олар Құрманғазы көшесі бойында тоқтатылды. Тексеру кезінде, мопед жүргізушісі мен оған мінгескен жолаушысы 17 жастағы жасөспірімдер екендігі анықталды. Осы жағдай бойынша көлік құралы полиция басқармасына жеткізіліп, тиісті іс-құжаттар жинақталуда". Атырау қалалық ПД баспасөз қызметі


Аталған жайтқа байланысты Атырау қаласының полиция басқармасы ата-аналардың жасөспірім балаларына қатаң жауапкершілікпен қарауы қажеттігін ескертеді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық шахматшы қыздар Өзбекстандағы олимпиадада күміс медаль иеленді

Анатолий Кашпировский 86 жасында әке атанды

Тоқаев Маңғыстаудағы қайғылы оқиға жайлы: Генералдардың салғырттығы және кәсіби біліксіздігі себеп болды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел