Маңғыстаулық ер адам балалардың көзінше әйелін ұрып-соқты

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде әйелін соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады. Полицияның мәліметінше, аталған оқиға кеше, 7 сәуірде Маңғыстау ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода әйелдің жанында баласы ойнап жүргенін көруге болады. Ер адам әйеліне жақындап келіп, иығынан жұдырығымен түйіп жібереді. Содан кейін оны жағасынан ұстап, жұлқылай бастайды. Әйел шатқаяқтап, жерге құлап түседі.

"Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы ауданының полиция бөліміне жеткізілді", – деді аймақ полициясы "Лада" басылымына.

Ведомствоның мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық қатынастар шеңберіндегі құқыққа қайшы әрекеттер бойынша материалдар жинастырылып, сотқа жолданды. 

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді