"Біреулер апатты қолдан жасап жатыр". Желідегі видеоға қатысты полиция түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
11 сәуірде Ақтөбедегі бөгетті белгісіз адамдар бұзып жатқанын сипаттайтын видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео авторлары белгісіз адамдардың бөгетті қасақана бұзып жатқанын айтады. Видеода ер адам: "Жігіттер, не істеп жатырсыңдар" деп сұрап, бөгетті бұзушыларды диверсанттар деп атайды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне аталған оқиға қаланың саяжай массивінде болғанын нақтылады. Мұнда кішігірім өзен кенерінен асып, үйлердің бір бөлігін су басқан.

"Жергілікті тұрғындар шұңқыр қазған, бірақ осыдан кейін су басқа үйлерді ала бастаған. Осыған байланысты қолдан жасалған бөгет қайта өзгертілді. Көршілердің бір-біріне шағымы жоқ, полицияға ешкім арызданбады", - деп түсіндірді полициядағылар.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді