Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жаңа шектеу түрі енгізілді

Сурет: freepik
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер құмар ойын ойнай алмайды. Бұл туралы 22 сәуірде Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай норма Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі заң жобасына енген.

"Шектеу барлық мемлекеттік қызметкерлерге қатысты болады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң бар, оның шеңберінде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер" деген 12-бап бар. Мемлекеттік қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері, бұл - шамамен 220 мың адам кез келген құмар ойынды: букмекерлік кеңсені, казиноны және онлайн-казиноны пайдалана алмайды", - деді Елнұр Бейсенбаев.

Ол Қазақстанда, негізінен, онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын еске салды. Алайда, жаңа түзетулер бойынша олардың ұйымдастырушылары үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетін болады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды